1. Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінде жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Шет ауданы әкімінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі "Төтенше жағдай жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3955 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 37 (10 606) "Шет шұғыласы" газетінде жарияланған) № 11 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | М. Жандаулетов |