Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2019 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.10.2017 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекеленген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.10.2017 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық | Қызылорда облыстық |
мәслихатының кезектен тыс | мәслихаты хатшысының |
44 сессиясының төрағасы | уақытша міндетін атқарушы |
М. Кәрім | Қ. Бисенов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешімімен бекітілген |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 29.03.2018 № 190 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ауру түрі | Халық санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны) |
1 | Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
- Тобрамицин (ингаляциялық нысан) 300 мг/5мг, ұнтақ |
2 |
Идиопатикалық және екіншілік |
|
- Силденафил | |
3 | Аяқтың эмболиясы және тромбозы | Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда |
- Ривароксабан | |
4 | Ювенильді идиопатиялық артрит | Ауру балалардың, аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық препаратты ем ретінде қолдану |
- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді | |
5 | Буллезды эпидермолиз | Өмір сүру ұзақтығын және өмір сапасын жақсарту |
- Таңып-байлау материалдары, | |
6 | Бехчет ауруы | - Инфликсимаб 100 мг; | ||
7 | Целиакия | Ағзадағы туа біткен фермент жетіспеушілігінің орнын ауыстырушы препараты |
- Панкреатин | |
8 | Туа пайда болған гиперинсулинизм | Ағзадағы туа біткен гормонды алмастырушы жетіспеушілігінің орнын ауыстырушы препараты | - Октреотид 0,1мг/мл. |
Аббревиатураның толық жазылуы:
мг - миллиграмм
мл - миллилитр