Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2019 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" №42 және "Кызылординские вести" №42 газеттерінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы"
аталған шешімнің 1-тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекеленген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін";
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 15 сессиясының төрағасы |
Ж. Нұрымбетов |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Байқадамов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 қазандағы № 144 шешіміне қосымша |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар
№ | Ауру түрі | Халық санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны) |
1 |
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг |
2 |
Идиопатикалық және екіншілік |
|
- Силденафил 25 мг, 50 мг | |
3 | Аяқтың эмболиясы және тромбозы | Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда |
- Ривароксабан 10 мг, 20 мг | |
4 |
Ювенильді идиопатиялық артрит | Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық препаратты ем ретінде қолдану |
- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді | |
5 | Буллезды эпидермолиз | Өмір сүру ұзақтығын және өмір сапасын жақсарту | - Таңып-байлау материалдары |
Аббревиатураның толық жазылуы: мг – миллиграмм, мл - миллилитр