Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 06.02.2020 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 181 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5200 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
9-тармақтың екінші абзацыжаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері бекіткен тізбе негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері (бұдан әрі-бөлім);";
9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С.Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы | |
әкімінің міндетін атқарушысы | Қ. Ысқаков |