"Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 426 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5474 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 06.02.2020 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 181 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5200 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";

      9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      9-тармақтың екінші абзацыжаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";

      9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері бекіткен тізбе негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";

      9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).";

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария бөлімдері (бұдан әрі-бөлім);";

      9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С.Қожаниязовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы
      әкімінің міндетін атқарушысы Қ. Ысқаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады