1. "Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4330 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2012 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "28" маусым № 504 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2012 жылғы "12" қазандағы № 593 қаулысына қосымша |
Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
№ | Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы | Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекенжайы |
Қызылорда қаласы | ||
1. | "Жамағат" дүкені | Әйтеке би көшесі, №10 үй |
2. | "Жанұя" дүкені | А. Тоқмағамбетов көшесі, №2 үй, 2-пәтер |