Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 22.06.2017 № 816 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "23" маусым № 498 қаулысына қосымша |
Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 15.09.2016 № 581 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Аудан (қала) атауы |
Барлық субсидия көлемдері, | оның ішінде | |
күріш | басқа дақылдар | ||
Жаңақорған | 319 552,938 | 134 070,000 | 185 482,938 |
Шиелі | 279 605,152 | 178 760,000 | 100 845,152 |
Сырдария | 398 393,012 | 311 346,292 | 87 046,720 |
Жалағаш | 443 426,745 | 323 555,600 | 119 871,145 |
Қармақшы | 320 135,906 | 248 798,168 | 71 337,738 |
Қазалы | 172 873,272 | 119 232,920 | 53 640,352 |
Арал | 1 137,320 | 1 137,320 | |
Қызылорда қаласы | 64 875,655 | 48 175,820 | 16 699,835 |
Барлығы | 2 000 000,000 | 1 363 938,800 | 636 061,200 |