Қызылорда облысы бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 816 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 маусымда № 5890 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 28.08.2020 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша субсидиялар көлемдері белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 498 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5555 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 19 шілдеде жарияланған);

      2) "Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 498 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 581 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5610 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылы 8 қазанда жарияланған).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "22" маусымдағы
  № 816 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы бойынша субсидиялар көлемдері

Аудан (қала) атауы

Барлық субсидия көлемдері, мың теңге

Оның ішінде күрішке, мың теңге

Жаңақорған

281 447,5

139 500,0

Шиелі

291 395,2

198 000,0

Сырдария

373 263,5

313 200,0

Жалағаш

414 625,0

325 800,0

Қармақшы

334 839,0

255 690,0

Қазалы

190 710,5

122 400,0

Арал

1 637,0

0,0

Қызылорда қаласы

112 082,3

55 836,0

Барлығы

2 000 000,0

1 410 426,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады