"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесiндегі:
"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 1 бөлімінің:
реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
" | 1 | Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытын сыртқы электрмен жабдықтау | 28 356 | ". |
Қызылорда облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ. Ысқақов |