Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 16.05.2017 № 788 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа датауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнынсубсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе)1 тоннаға) бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016жылғы "16" тамыз № 554 қаулысымен бекітілген |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)
р/с | Басым дақылдардың тізбесі |
Бір гектарға субсидия |
1 | Күріш | 17876 |
2 | Дәндік жүгері | 22500 |
3 | Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін дәндік жүгері | 63900 |
4 | Майлы дақылдар | 15000 |
5 | Картоп | 35100 |
6 | Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп | 88029 |
7 | Көкөністер | 21186 |
8 | Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер | 90679 |
9 | Бақшалық дақылдар | 15000 |
10 | Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін бақшалық дақылдар | 86423 |
11 | Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар) (екі дақыл айналымы) | 3000000 |
12 | Сүрлемдік жүгері | 23040 |
13 | Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін сүрлемдік жүгері | 64311 |
14 | Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | 16362 |
15 | Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | 8152 |