Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 788 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 маусымда № 5862 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 1244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 16.10.2018 № 1244 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 554 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5587 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "15" мамырдағы
  № 788 қаулысымен бекітілген

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Бір гектарға (тоннаға) субсидия нормасы,
теңге

1.

Күріш

18 000

2.

Қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсірілетін көкөніс дақылдары (екі айналым)

10 000 000

3.

Сүрлемдік жүгері

23 050

4.

Егістікке және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер

16 370

5.

Майлы дақылдар

26 275


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады