"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы";
1-тармақта:
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"3) "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі бекітілсін.";
аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес аталған қаулы қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "15" қыркүйек № 580 қаулысына 1-қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысымен бекітілген |
"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі
№ | Жобаның атауы |
Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді |
1 | 2 | 3 |
"Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі | ||
1 | Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы | 17 626 |
2 | Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру | 18 784 |
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі | ||
1 | Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы | 20 097 |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "15" қыркүйек № 580 қаулысына 2-қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысымен бекітілген |
"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі
№ | Жобаның атауы |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді |
1 | 2 | 3 |
"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі | ||
1 | Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу | 57 458 |