Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 22.06.2017 № 816 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 498 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5555 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 19 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "15" қыркүйек №581 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "23" маусымдағы № 498 қаулысына қосымша |
Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай)
Аудан (қала) атауы |
Барлық субсидия көлемдері, | оның ішінде | |
күріш | басқа дақылдар | ||
Жаңақорған | 319 552,938 | 134 070,000 | 185 482,938 |
Шиелі | 279 605,152 | 178 760,000 | 100 845,152 |
Сырдария | 398 393,012 | 311 346,292 | 87 046,720 |
Жалағаш | 443 426,745 | 323 555,600 | 119 871,145 |
Қармақшы | 320 135,906 | 248 798,168 | 71 337,738 |
Қазалы | 172 873,272 | 119 232,920 | 53 640,352 |
Арал | 1 137,320 | 1 137,320 | |
Қызылорда қаласы | 64 875,655 | 48 175,820 | 16 699,835 |
Барлығы | 2 000 000,000 | 1 363 938,800 | 636 061,200 |