Қызылорда қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 58 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қазанда № 5633 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Қызылорда қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi бекітілсін.
      2. "Қызылорда қаласындағы аймақтардың шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы № 83 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4207 нөмірімен тіркелген, 2008 жылы 18 тамыздағы облыстық "Сыр бойы" газетінің № 169 және "Кызылординские вести" газетінің № 129 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының мәслихатының
      7 сессиясының төрағасы хатшысы
      І. Тілеп Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы "28" қыркүйектегі
№ 58 шешіміне 1-қосымша

Қызылорда қаласының бағалау аймақтарының шекаралары

      


Аймақ нөмірі
Аймақтар шекараларының сипаттамасы
I
Аймақ Марал Ишан мен Қ.Махамбетов көшелерінің қиылысынан басталады және оңтүстік-шығыс бағытында темір жол торабын бойлай Сұлтан Бейбарыс көшесінің қиылысына дейін жетеді. Осы жерде оңтүстікке қарай аталған көшені бойлай, Жібек жолы көшесіне жетеді. Әрі қарай, оңтүстік-шығыс бағытында Жібек жолы көшесін бойлап Тасбөгет кентінің шекарасына жетеді, әрі қарай Тасбөгет кенті шекарасымен оңтүстік батысқа қарай Сырдария өзеніне дейін жетеді, әрі қарай Сырдария өзенінің табиғи арнасымен Қ.Махамбетов көшесіне жетіп, аймақ шекарасының бастапқы нүктесі Қ.Махамбетов пен Марал Ишан көшелерінің қиылысында тоқталады.
II
Аймақтың бастапқы нүктесі солтүстік-батысында Қ.Махамбетов көшесінің теміржол торабының қиылысынан басталады және солтүстік бағытта темір жолды бойлай Қызылорда қаласының босалқы жерлерінің шекарасына дейін жетеді. Әрі қарай босалқы жерлер шекарасымен Қызылжарма ауылдық округінің шекарасына жетіп, солтүстік-шығыс бағытында Қызылжарма ауылдық округі шекарасымен Қызылжарма каналына дейін жетеді. Әрі қарай, Қызылжарма каналын оңтүстік-шығыс бағытында бойлай Белкөл кенті шекарасына келіп жетеді. Әрі қарай Белкөл кенті шекарасымен темір жол торабына жетеді, солтүстік-батыс бағытында темір жолды бойлай аймақтың бастапқы нүктесіне келіп тоқтайды.
III
 
№ 1 учаскесі
Аймақтың бұл учаскесі Қызылорда қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі темір жол торабының 032 кадастрлық квартал шекарасының қиылысынан басталып оңтүстік-шығыс бағытына қарай темір жолды бойлай, Қ.Махамбетов көшесіне дейін жетеді. Осы жерден оңтүстік-шығыс бағытында Қ.Махамбетов көшесімен Сырдария өзеніне жетеді, әрі қарай солтүстік-батыс бағытында Сырдария өзені арнасын бойлай 032 кадастрлық кварталдың оңтүстік шекарасына дейін жетеді, кварталдың оңтүстік шекарасын бойлай учаскенің бастапқы нүктесіне темір жол торабы мен 032 кадастрлық квартал шекарасының қиылысына келіп тоқтайды.
№ 2 учаскесі
Учаскенің бастапқы нүктесі солтүстік-батысында 012 кадастрлық квартал мен Қызылорда қаласы шекарасының қиылысынан басталады, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытында Сырдария өзенінің табиғи арнасымен Қызылорда қаласының Тасбөгет кентімен шекарасына дейін жетеді, осы жерде оңтүстік-батысқа қарай Сырдария өзенін кесіп өтеді. Әрі қарай солтүстік-батыс бағытында Шіркейлі каналын бойлай учаскенің бастапқы нүктесіне жетеді.
№ 3 учаскесі
Учаске Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі солтүстік-батысында Сұлтан Бейбарыс көшесінің темір жол торабы қиылысынан басталады, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытында темір жолды бойлай Белкөл кентінің шекарасына жетеді. Әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытта Белкөл кенті шекарасымен Қызылорда қаласының босалқы жерлерінің шекарасына дейін, әрі қарай Қызылорда қаласының босалқы жерлері шекарасымен Тасбөгет кентінің шекарасына жетеді. Әрі қарай оңтүстік-батыс бағытында Тасбөгет кенті шекарасы арқылы Жібек жолы көшесінің қиылысына жетеді, Жібек жолы көшесімен солтүстік-батыс бағытын бойлай Сұлтан Бейбарыс көшесінің қиылысына жетеді, әрі қарай Сұлтан Бейбарыс көшесінің солтүстік-шығыс бағытын бойлай Сұлтан Бейбарыс көшесінің темір жол торабымен қиылысқан учаскенің бастапқы нүктесінен тоқтайды.
IV
 
№ 1 учаскесі
Учаске темір жол торабының солтүстік бөлігінде орналасқан. Бастапқы нүктесі Қызылжарма каналының Қызылжарма ауылдық округі шекарасымен қиылысқан жерінен басталады, әрі қарай Қызылжарма ауылдық округінің шекарасын бойлай Қызылорда қаласының босалқы жерлерінің шекарасы арқылы Қарауылтөбе ауылдық округінің шекарасына жетеді. Әрі қарай, Қарауылтөбе ауылдық округі шекарасымен Белкөл кенті шекарасына жетеді, оң жаға магистральды каналын бойлай Қызылжарма каналына тоқтайды. Әрі қарай Қызылжарма каналының солтүстік-батыс бағытын бойлай Қызылжарма каналының Қызылжарма ауылдық округі шекарасымен қиылысқан учаскенің бастапқы нүктесіне жетеді.
№ 2 учаскесі
Учаске темір жол торабынан оңтүстік-батысында орналасқан. Бастапқы нүктесі темір жол торабының Қызылорда қаласы шекарасымен қиылысынан басталады, оңтүстік-батыс бағытында темір жолды бойлай, темір жолдың 032 кадастрлық кварталымен қиылысына жетеді, әрі қарай 032 кадастрлық квартал шекарасы бойымен оңтүстік-шығыс бағытында Сырдария өзеніне дейін жетеді. Әрі қарай солтүстік-батыс бағытында Сырдария өзенінің арнасын бойлай Қызылорда қаласының шекарасына, әрі қарай қала шекарасы арқылы учаскенің бастапқы нүктесіне жетеді.

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы "28" қыркүйектегі
№ 58 шешіміне 2-қосымша

Қызылорда қаласындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi

Аймақ №
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
І
2,0
ІІ
1,5
ІІІ
1,0
ІV
0,7

      

Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки в городе Кызылорде

Решение Кызылординского областного маслихата от 28 сентября 2016 года № 58. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 28 октября 2016 года № 5633

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года "Земельный кодекс Республики Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Кызылординский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить границы оценочных зон поправочные коэффициенты к базовым ставкам платы за земельные участки города Кызылорда согласно приложениям 1 и 2 к настоящему решению.
      2. Признать утратившим силу решение Кызылординского областного маслихата от 27 июня 2008 года № 83 "Об утверждении схемы зонирования земель и поправочных коэффициентов к базовой ставке платы земель города Кызылорда" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4207, опубликовано в областной газете "Сыр бойы" №169 и в газете "Кызылординские вести" №129 от 18 августа 2008 года).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Председатель Секретарь
      7 сессии Кызылординского Кызылординского
      областного маслихата областного маслихата
      И. Тлеп Н. Байкадамов

  Приложение 1
к решению Кызылординского областного маслихата
от "28" сентября 2016 года № 58

Границы оценочных зон города Кызылорда

      


      

Номер зоны
Описание границ зон
I
Зона начинается с пересечения улиц Марал Ишан и К.Махамбетова и пролегая в юго-восточном направлении вдоль железнодорожной сети доходит до пересечения с улицей Султан Бейбарыс. Отсюда, пролегая в южном направлении по данной улице доходит до улицы Жибек Жолы. Далее в юго-восточном направлении вдоль улицы Жибек Жолы доходит до границы поселка Тасбогет, далее по границе поселка Тасбогет в юго-восточном направлении доходит до реки Сырдарья, далее по естественному руслу реки Сырдарья достигает улицу К.Махамбетова, первоначальная точка зоны останавливается на пересечении улиц К.Махамбетова и Марал Ишан.
II
Первоначальная точка зоны начинается на севере-западе на пересечении улицы К. Махамбетова с железнодорожной сетью и пролегая по железной дороге в северном направлении доходит до границы земель запаса города Кызылорда. Далее по границе земель запаса доходит до границы сельского округа Кызылжарма, в северо-восточном направлении по границе сельского округа Кызылжарма доходит до канала Кызылжарма. Далее, следуя в юго-восточном направлении по каналу Кызылжарма доходит до границы поселка Белколь. Далее по границе поселка Белколь доходит до железнодорожной сети, пролегая по железной дороге в северо-западном направлении останавливается на первоначальной точке зоны.
III
 
участок № 1
Данный участок зоны расположен на северо-западной части города Кызылорда. Первоначальная точка начинается с пересечения железнодорожной сети с границей кадастрового квартала 032, следуя в юго-восточном направлении вдоль железной дороги доходит до улицы К.Махамбетова. Отсюда по улице К.Махамбетова по юго-восточному направлению доходит до реки Сырдарья, далее в северо-западном направлении по руслу реки Сырдарья доходит до южной границы кадастрового квартала 032, пролегая по южной границе квартала останавливается на пересечении железнодорожной сети с границей кадастрового квартала 032, на первоначальной точке участка.
участок № 2
Первоначальная точка участка начинается на северо-западе с пересечения границ кадастрового квартала 012 и с границей города Кызылорда, далее в юго-восточном направлении по естественному руслу реки Сырдарья доходит до границы города Кызылорда с поселком Тасбугет, где юго-западнее пересекает реку Сырдарья. Далее в северо-западном направлении вдоль канала Ширкейли доходит до первоначальной точки участка.
участок № 3
Участок расположен на юго-восточной части города Кызылорда. Первоначальная точка начинается на северо-западе с пересечения улицы Султан Бейбарыс с железнодорожной сетью, далее в юго-восточном направлении по железной дороге доходит до границы поселка Белколь. Далее в юго-восточном направлении по границе поселка Белколь доходит до границы земель запаса города Кызылорда, далее по границе земель запаса города Кызылорда до границы поселка Тасбугет. Далее в юго-западном направлении по границе поселка Тасбугет доходит до пересечения с улицей Жибек Жолы, в северо-западном направлении по улице Жибек Жолы доходит до пересечения с улицей Султан Бейбарыс, далее останавливается на первоначальной точке участка в северо- восточном направлении по улице Султан Бейбарыс по пересечении улицы Султан Бейбарыс с железнодорожной сетью.
IV
 
участок № 1
Участок расположен на северной части железнодорожной сети. Первоначальная точка начинается с пересечения канала Кызылжарма с границей сельского округа Кызылжарма, далее пролегая границу аульного окуруга Кызылжарма через границ земель запаса города Кызылорда доходит до границ сельского округа Караултобе. Далее по границе аульного округа Караултобе доходит до границ поселка Белколь, пролегая вдоль Правобережного магистрального канала, останавливается на канале Кызылжарма. Далее, пролегая в севере-западном направлении вдоль канала Кызылжарма доходит до пересечения канала Кызылжарма с границей сельского округа Кызылжарма, к первоначальной точке участка.
участок № 2
Участок расположен в юго-западе от железнодорожной сети. Первоначальная точка начинается с пересечения железнодорожной сети с границей города Кызылорда, следуя в юго-западном направлении вдоль железной дороги доходит до пересечения железной дороги с границей кадастрового квартала 032, далее в юго-восточном направлении по границе кадастрового квартала 032 доходит до реки Сырдарья. Далее в северо-западном направлении вдоль русла реки Сырдарья доходит до границы города Кызылорда, далее по границе города к первоначальной точке участка.

  Приложение 2
к решению Кызылординского областного маслихата
от "28" сентября 2016 года № 58

Поправочные коэффициенты к базовым ставкам платы за земельные участки в городе Кызылорде

Зона №
Поправочные коэффициенты к базовым ставкам платы за земельные участки
І
2,0
ІІ
1,5
ІІІ
1,0
ІV
0,7