АймақN
| Жер-кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі бағалық аймақтардың шекаралары
| Нысаналы мақсаты
| Аймақ көлемі, га
|
І.
| Солтүстікте аймақ шекарасы Д.Қонаев көшесі мен О.Сүлейменов көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай оңтүстік бағытта О.Сүлейменов көшесінің бойымен А.Байтұрсынов көшесіне өтіп, Ғ.Мұратбаев көшесіне жетеді. Әрі қарай Ғ.Мұратбаев көшесімен батыс бағытта Сырдария өзенінің жағасына дейін келеді. Одан әрі Сырдария өзенінің бойымен Әбілхайыр хан көшесіне жетеді. Әбілхайыр хан көшесінен солтүстік бағытта Қазыбек би көшесінің бойымен Д.Қонаев көшесі мен О.Сүлейменов көшесінің қиылысына дейін барады.
| Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
| 313,17
|
ІІ.
| Солтүстікте аймақ шекарасы Шымбай көшесі мен С.Сейфуллин көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай С.Сейфуллин көшесінің бойымен шығыс бағытта Егізбаев көшесіне дейін, әрі қарай темір жол бойымен Ә.Бөкейхан көшесіне жетеді, одан әрі Ә.Бөкейхан көшесінің бойымен Мұстафа Шоқай көшесіне келеді, одан әрі Мұстафа Шоқай көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Астана даңғылына жетеді, Астана даңғылы бойымен оңтүстік бағытта Жібек жолы көшесіне келеді, одан әрі Жібек жолы көшесінің бойымен Мостовая көшесіне дейін келеді.
Одан әрі Мостовая көшесінің бойымен оңтүстік батыс бағытта Сырдария өзенінің жағалауына, одан әрі Сырдария өзенінің жағалауымен Ғ.Мұратбаев көшесіне жетеді, одан әрі Ғ.Мұратбаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа А.Байтұрсынов көшесіне дейін келеді, А.Байтұрсынов көшесінің бойымен солтүстік батысқа О.Сүлейменов көшесіне өтіп, Д.Қонаев көшесіне келеді, одан әрі Д.Қонаев көшесінің бойымен оңтүстікке Қазыбек би көшесіне өтіп Сырдария өзенінің жағалауына келеді, одан әрі Сырдария өзенінің жағалауымен солтүстік батысқа Т.Шевченко көшесіне дейін келеді, одан әрі Т.Шевченко көшесінің бойымен солтүстік батысқа Шымбай көшесіне өтіп С.Сейфуллин көшесіне жетеді.
| Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, стадион, ипподром, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
| 1899,32
|
ІІІ.
| Аймақ шекарасы Қаратоғай көшесінің бірінші айналма қиылысынан басталып, әрі қарай солтүстік-батыс бағытта V аймақтың шекарасымен бірінші сақиналы қиылысына дейін;
Аймақ шекарасы Журба көшесі мен М.Саламатов көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай Журба көшесімен солтүстік-шығысқа, солтүстік-шығыстан М.Саламатов көшесіне дейін;
Аймақ шекарасы М.Көкенов көшесі мен Шораяқтың Омары көшесінің қиылысынан басталып, М.Көкенов көшесімен солтүстік-шығысқа Хон Бен До көшесіне дейін, әрі қарай Хон Бен До көшесінен С.Торайғыров көшесіне дейін. Шекараның жалғасы С.Торайғыров көшесімен Чижа Сан Тин көшесіне дейін, Чижа Сан Тин көшесімен И.Исаев көшесіне дейін, И.Исаев көшесімен С.Лапин көшесіне дейін, С.Лапин көшесінен Ә.Қайнарбаев көшесіне дейін, Ә.Қайнарбаев көшесінен 2-Киняев көшесіне дейін, содан кейін бейіттің солтүстік жағымен Ешнияз Сал көшесіне дейін, әрі қарай Ешнияз Сал көшесімен Шораяқтың Омары көшесіне дейін, Шораяқтың Омары көшесінен М.Көкенов көшесіне дейін;
Аймақ шекарасы солтүстік темір жол өткелінен басталып, Хон Бен До көшесінің бойымен солтүстік бағытқа бейіттің оңтүстігіне дейін. Оңтүстік-шығыс бағытта 1-Киняев көшесіне дейін, 1-Киняев көшесімен шығысқа қарай Егізбаев көшесіне дейін барады. Шекараның жалғасы Егізбаев көшесімен батыс бағытта С.Сейфуллин көшесіне дейін, С.Сейфуллин көшесінен Қыдыров көшесіне, әрі қарай Қыдыров көшесінің бойымен солтүстік темір жол өткеліне дейін;
Аймақ шекарасы Тохтаров көшесі мен Б.Майлин көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай Б.Майлин көшесімен Тохтаров көшесіне дейін барады. Шекараның жалғасы Тохтаров көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Шәкәрім көшесіне дейін, Шәкәрім көшесінің бойымен А.Сағымбаев көшесіне, А.Сағымбаев көшесінің бойымен Б.Майлин көшесіне дейін;
Аймақ шекарасы ІІ аймақ шекарасы бойымен өтеді.
Аймақ шекарасы ІV және ІІ аймақтардың шекарасы бойымен өтеді.
Аймақ шекарасы ІV және V аймақтардың шекарасы бойымен өтеді.
Аймақ шекарасы V аймақ шекарасы бойымен өтеді.
| Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, өндірістік базалар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
| 1921,09
|
ІV.
| Аймақ шекарасы солтүстік темір жол өткелінен басталып ІІІ аймақтың шекарасы бойымен Шымбай көшесіне дейін, Шымбай көшесінен Т.Щевченко көшесіне дейін барады. Аймақ шекарасының жалғасы Т.Щевченко көшесінің бойымен Сырдария өзеніне дейін, Сырдария өзенінің бойымен ІІІ аймақтың шекарасына дейін, ІІІ аймақтың шекарасы бойымен солтүстік темір жол өткеліне дейін;
Аймақ шекарасы Ә.Бөкейхан көшесі мен Қожа Ахмет Яссауи көшесінің қиылысынан басталып Мостовая көшесіне дейін, жалғасы Мостовая көшесінің бойымен оңтүстік-батыс бағытта Жібек жолы көшесіне, Жібек жолы көшесінің бойымен солтүстік-батыс бағытта Астана даңғылына дейін, әрі қарай Астана даңғылы бойымен солтүстік-батыс бағытта Мұстафа Шоқай көшесіне, Мұстафа Шоқай көшесі бойымен солтүстік-батыс бағытта А.Бөкейхан көшесіне дейін, А.Бөкейхан көшесі бойымен солтүстік-шығыс бағытта Қожа Ахмет Яссауи көшесіне дейін;
| Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, өндірістік базалар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
| 1216,66
|
V.
| Аймақ шекарасы ІІІ-аймақ шекарасы бойымен Мостовая көшесіне, әрі қарай Мостовая көшесінен Мұстафа Шоқай көшесінің қиылысына дейін, Мостовая көшесі мен Мұстафа Шоқай көшесінің қиылысынан басталып, оңтүстік-шығыс бағытта "Оңжағалық магистралды каналға" дейін. Әрі қарай "Оңжағалық магистралды каналдың" жағалауымен Сырдария өзеніне дейін, Сырдария өзенінің бойымен Мостовая көшесіне дейін;
| Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, өндірістік базалар, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан
| 3161,54
|