"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары К.Ансатбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "06" маусым № 5443 қаулысына қосымша |
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым – "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жекешелендіру мерзімі - қыркүйек, 2020 жыл.Жекешелендіру түрі - тендер.