Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 5443 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 5544 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 6777 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 07.01.2017 № 6777 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары К.Ансатбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "06" маусым
№ 5443 қаулысына қосымша

Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым – "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      Жекешелендіру мерзімі - қыркүйек, 2020 жыл.
      Жекешелендіру түрі - тендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады