"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұққтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 273 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 тамыздағы № 32 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 тамызда № 5585 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 60 шешімімен

      Кезектен тыс алтыншы сессия
      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 21.12.2016 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 273 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 19 қаңтарда 5304 нөмірімен тіркелген, "2016 жылғы 19 қаңтарда Толқын" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
      3 тармақтың 13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "13) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы" департаменті Арал аудандық бөлімшесі.";
      16-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "16. Орта білім алғаннан кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған "Магистр" академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күнтізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Арал аудандық мәслихатының Арал аудандық
      кезектен тыс алтыншы мәслихатының хатшысы
      сессиясының төрағасы
      Қ. Аяпов Д. Мадинов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______________ М.Дельмуханов
      "03" тамыз 2016 жыл

О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 273 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 03 августа 2016 года № 32. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 23 августа 2016 года № 5585. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 21 декабря 2016 года № 60

      Внеочередная шестая сессия
      Сноска. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 21.12.2016 № 60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Аральский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Аральского районного маслихата от 24 декабря 2015 года № 273 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5304 от 19 января 2016 года, опубликовано в газете "Толқын" от 19 января 2016 года) следующие изменения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
      подпункт 13) пункта 3 изложить в новой редакции:
      "13) уполномоченная организация – Аральское районное отделение департамента "Межведомственный расчетный центр социальных выплат" - филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Кызылординской области.";
      пункт 16 изложить в новой редакции:
      "16. Социальная помощь для оплаты обучения назначается молодежи района, студентам из числа социально уязвимых слоев населения, обучающихся по востребованным в регионе специальностям по очной форме после средного образования для получения академической степени "Бакалавр", по профессиональной учебной программе послевузовского образования, направленные на подготовку научных и педагогических кадров для получения академической степени "Магистр" и для подготовки медицинских кадров в резидентуре в организациях медицинского образования и науки Республики Казахстан.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Председатель внеочередной Секретарь Аральского
      шестой сессии Аральского районного маслихата
      районного маслихата
      К. Аяпов Д. Мадинов
      СОГЛАСОВАНО:
      Руководитель государственного
      учреждения "Управление координации
      занятости и социальных программ
      Кызылординской области"
      ____________ Дельмуханов М.
      "03" августа 2016 года