1. "Қазалы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 85 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5496 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А. Қаржаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ж. Мұратбаев |