"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 - тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 мамырдағы № 254 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2016 жылдың 26 мамырында № 5518 тiркелген, "Қармақшы таңы" газетiнде 2016 жылғы 1 маусымда жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |
Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы "25" қазандағы № 360 қаулысына қосымша |
|
Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы "13" мамырдағы № 254 қаулысына қосымша |
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) |
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | ||
1 | Қармақшы ауданы | 24240 |
Мектеп жанындағы шағын орталық | ||
18371 |