1. "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 65 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5443 тіркелген, 2016 жылы 13 мамырда "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Б.Суюбаева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "15" қарашадағы № 358 қаулысына қосымша |
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) | |
1 | Сырдария ауданы | Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | Шағын орталық |
24240 | 18371 |