"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихатының | |
2-сессиясының төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы: | Ә. Оразбекұлы |
Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 шешімімен бекітілген |
Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1. Жалпы ереже
1. Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін анықтайды.
2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар
2. Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету салаларындағы, жастарға тәрбие беру жұмыстарындағы, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери және қоғамдық , мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметі және өзге де сіңірген еңбектерін ардақтау белгісі ретінде аудан азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары наградталады.
3. Құрмет грамотасы:
1) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған;
2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған;
4) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік жазасы өтелмеген немесе алынбаған азаматтар наградталмайды.
4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргізілмейді.
5. Құрмет грамотасы келесі сипаттамада болуы қажет:
1) мұқабаның биіктігінің төрттен біріндей деңгейде ортасына қарай Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан;
2) ортадан сәл төменірек: "Құрмет грамотасы" - деген сөз жазылған;
3) оның бірінші бетінде Елтаңба салынған, ал ішкі беттері алтын түстес ұлттық өрнекпен бейнеленген;
4) ішкі бетіндегі жазулар қазақ және орыс тілдерінде жазылады.
3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі.
6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныс алушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын лауазымы, тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, жетістіктері және наградтары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер көрсетілетін ұсыным аудан әкімдігіне ұсынылады.
7. Құрмет грамотасымен наградтау жөнiндегi ұсынымдарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкiлдi және атқарушы органдар, қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың басшылары енгiзедi және дұрыс енгiзiлген мәлiметтер үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 13.11.2024 № 23/25 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған азаматтардан келіп түскен материалдар қаралмайды.
9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келiп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнiнде ұсыныс әзiрленуi үшiн наградтау жөнiндегi аудан әкiмi жанындағы комиссияға (бұдан әрi – Комиссия) жiберiледi.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкiмi мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың мiндеттерiн атқарушының) бiрлескен өкiмiн шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешiм қабылданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 13.11.2024 № 23/25 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргiзiледi. Құрмет грамотасын аудан әкiмi немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 13.11.2024 № 23/25 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
11. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шаралары мен наградталған азаматтардың есебін "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 27.12.2021 № 17/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).