Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 "Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 17/10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26208 болып тіркелді

      Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шиелі аудандық мәслихатының "Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереженің 11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шаралары мен наградталған азаматтардың есебін "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Т. Жағыпбаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады