"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабының 3 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 29 сәуірдегі №09-06-135 санды ұсынысына сәйкес Ақмая ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданының Ақмая ауылдық округі Ақмая ауылы "Ақмая" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Н. Асқаровқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмая ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Х. Қойшыбаев |