Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Акмая ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 55 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаметінде 2016 жылғы 29 маусымда № 5545 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Акмая ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Акмая ауылдық округі әкімінің 15.08.2016 № 61 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабының 3 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 29 сәуірдегі №09-06-135 санды ұсынысына сәйкес Ақмая ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шиелі ауданының Ақмая ауылдық округі Ақмая ауылы "Ақмая" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақмая ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Н. Асқаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмая ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Х. Қойшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады