Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.04.2019 № 73 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Х. Аманбеков) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Х. Аманбеков
13 қаңтар 2016 жыл.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 05 қаулысымен бекітілген |
"Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының аумағында энергетика коммуналдык шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Мангистауской области".
10. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
14. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жылу-энергетикалық секторды дамыту арқылы энергетикалық қауіпсіздікті және өңір экономикасының энергия ресурстарына өскелең қажеттіліктерін қамтамасыз ету, облыстың тұрғын үй-коммуналдық кешенін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
16. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) Маңғыстау облысының аумағында тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау және су бұру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Маңғыстау облысының әкімін облыстағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қатынастары саласының жай-күйі туралы және мемлекеттік бағдарламарды іске асырудың барысы туралы жинақталған ақпаратпен қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
17. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды облыстың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
3) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
4) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді;
5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлейді;
6) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын әзірлейді;
7) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
8) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
9) қазандықтар мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
10) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
11) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын береді;
12) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станциялар салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді;
13) тұтынушылардың жылу энергиясынан шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бүлінуіне әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асырады;
15) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
16) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асырады.
17) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
18) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
20) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
21) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келіседі;
22) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы реттеліп ұсынылатын қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын–үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіппен:
1) Маңғыстау облысының аумағында тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында, сумен жабдықтау және су бұру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
3) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
4) ведомствосына қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) белгіленген тәртіппен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да атқарушы билік органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен мамандарын тарта отырып, кеңес шақыруға;
6) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Маңғыстау облысы әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі өкімдерінің, облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
7) өз құзыретінің шегінде белгіленген тәртіппен, ақпарат және жұмыс тәжірибесін алмасу мақсатымен, шетелдердің тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасауға, оның ішінде қазақстандық және шетелдік консультанттарды, кеңесшілер мен сарапшыларды тартуға;
8) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар мен кеңестер ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
9) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер және өзге де заңды мәмілелер жасасуға;
10) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
19. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарларды қарау;
2) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;
3) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;
4) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметiн ұйымдастыру
20. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
21. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және ұйымдастырады;
2) Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
3) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіпте "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;
6) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, жұмыс жоспарын бекітеді;
7) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
9) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;
10) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуына және қаржы құралдарының мақсатты жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттігін жүзеге асырады.
24. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мүлкi
25. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
26. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
27. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары ойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
30. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
2. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Көктем" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.