Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мыналар бекітілсін:
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес мал шаруашылығы салалары бойынша ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар;
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
"18" сәуір 2016 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "18" сәуірдегі | |
№ 99 қаулысына | |
1 қосымша |
Мал шаруашылығы салалары бойынша ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
1 | Қой шаруашылығы | бас | 1585 |
2 | Жылқы шаруашылығы | бас | 3754 |
3 | Түйе шаруашылығы | бас | 3387 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "18" сәуірдегі | |
№ 99 қаулысына | |
2 қосымша |
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемдер мен талаптар |
1 | Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу | Асыл тұқымды аналық мал басының болуы |
Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында тіркелуінің болуы | ||
Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу | ||
Қойдың барлық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің бірыңғай ақпараттық базасында тіркелуінің болуы |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "18" сәуірдегі | |
№ 99 қаулысына | |
3 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.11.2016 № 335 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | Субсидиялау бағыты | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем, килограмм | Субсидия сомасы, мың теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту | ||||
1 | Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу: асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы | 1 500 | 7 998 | 11 997,0 |
2 | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | 8 000 | 247 | 1 976,0 |
3 | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | 40 000 | 52 | 2 080,0 |
4 | Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | 120 | 16 000 | 1 920,0 |
Өнім өндірісінің құнын арзандату | ||||
5 | Түйе еті | 90 | 30 000 | 2 700,0 |
6 | Шұбат | 55 | 550 000 | 30 250,0 |
7 | Жылқы еті | 92 | 20 000 | 1 840,0 |
8 | Қой еті (1-деңгей) | 200 | 35 000 | 7 000,0 |
9 | Қой еті (2-деңгей) | 100 | 10 900 | 1 090,0 |
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату | ||||
10 | Қой шаруашылығы | 1585 | 8 000 | 12 680,0 |
11 | Жылқы шаруашылығы | 3754 | 1000 | 3 754,0 |
12 | Түйе шаруашылығы | 3387 | 801 | 2 713,0 |
Жиыны | 80 000,0 |