Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 99 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері мен нормативтерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 335 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қарашада № 3189 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 99 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері мен нормативтерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3045 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

       "Маңғыстау облысының
      ауыл шаруашылығы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      "07" 11 2016 жыл
      

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "07" 11
  № 335 қаулысына
  қосымша
  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы 18 сәуірдегі № 99
  қаулысына 3 қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем,

килограмм

Субсидия сомасы,

мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

1

Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу:
асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы

1 500

7 998

11 997,0

2

Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

8 000

247

1 976,0

3

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

40 000

52

2 080,0

4

Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

120

16 000

1 920,0

Өнім өндірісінің құнын арзандату

5

Түйе еті

90

30 000

2 700,0

6

Шұбат

55

550 000

30 250,0

7

Жылқы еті

92

20 000

1 840,0

8

Қой еті (1-деңгей)

200

35 000

7 000,0

9

Қой еті (2-деңгей)

100

10 900

1 090,0

Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және

сатып алу бойынша шығындарды арзандату

10

Қой шаруашылығы

1585

8 000

12 680,0

11

Жылқы шаруашылығы

3754

1000

3 754,0

12

Түйе шаруашылығы

3387

801

2 713,0

Жиыны

80 000,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады