Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11 бабының 2 тармағының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
осы қаулының Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
"05" мамыр 2016 жыл.
"Маңғыстау облысының
қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Әлібекова
"04" мамыр 2016 жыл.
"Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушысы
С. Б. Нарешова
"04" мамыр 2016 жыл.
"Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
"04" мамыр 2016 жыл.
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "06" мамырдағы | |
№ 123 қаулысына | |
қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары
№ |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың | Өлшем бірлігі |
Бір бірлік құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, |
Отандық өндіріс тыңайтқыштары | ||||
1 |
Аммиак селитрасы | тонна | 50 | 34 000 |
2 |
Аммофос | тонна | 50 | 62 500 |
Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары | ||||
3 | Новалон (N-13: P-40: K-13+ МЭ) | килограмм | 30 | 373,92 |
4 | Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +МЭ) | килограмм | 30 | 328,32 |
5 | Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +МЭ) | килограмм | 30 | 328 |
6 |
Монокалийфосфат | тонна | 30 | 248 760 |
7 |
Шоғырланған кальций нитраты (CaO-32%, | тонна | 30 | 81 600 |
8 | Калий селитрасы маркасы СХ (N-13,7, K2O-46,3%) | тонна | 30 | 156 480 |
9 |
Күкіртқышқылды магний 7-сулы (MgO-16,6%, | тонна | 30 | 73 500 |
10 | Нитроаммофоска (N15:P15:K15) | тонна | 30 | 54 000 |