Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кейбір облыс әкімдігінің қаулылары мен облыстық мәслихаттың шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) облыс әкімдігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 276 және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/319 "Кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2079 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 тамыздағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған):
осы қаулы мен шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
2) облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 127 және облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 мамырдағы № 17/265 "Кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысы мен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2467 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 шілдедегі "Маңғыстау" газетінде жарияланған):
осы қаулы мен шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д. Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
Сессия төрағасы | А. Өрісбаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |