Кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысы және Маңғыстау облысы мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 17/265 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 шілдеде № 2467 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 254 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/43 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 327-2 қаулысы мен Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы № 2/17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1981 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 8 қарашада жарияланған):
      бүкіл мәтін бойынша "село", "селосы" "селолық", "селосына", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылы", "ауылдық", "ауылына", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Мұнайлы ауданының Батыр селолық округін құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 218 қаулысы мен Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 35/404 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2104 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2011 жылғы 25 тамызда жарияланған):
      тақырыбында, кіріспеде және 2-тармағында "селолық", "селосы", "село" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармағында "ауыл (село)" деген сөздер "ауыл" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев
      Сессия төрағасы Т. Болатбаева
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады