Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 13.07.2021 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13375 болып тіркелген) бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі айқындалсын.
2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
С.Б. Нарешова
2016 жылғы "15" 09
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "15" 09 | |
№ 283 қаулысына | |
қосымша |
Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі
№ р/с | Аудан атауы | Ауылдық округтің атауы | Ауылдық елді мекеннің атауы | Халық саны, адам |
1 | Бейнеу | Боранқұл | Боранқұл ауылы | 6855 |
2 | Бейнеу | Ақжігіт | Ақжігіт ауылы | 2759 |
3 | Қарақия | Жетібай ауылы | 12229 | |
4 | Маңғыстау | Жыңғылды | Жыңғылды ауылы | 2387 |
5 | Маңғыстау | Өтес | Сайөтес ауылы | 2175 |
6 | Түпқараған | Ақшұқыр ауылы | 7189 |