Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы № 43/308 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 523 "Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-174 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы "Жаңаөзен" газетінің № 41 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешім мен қаулының 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Е.Өтеев) және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасарына (С.Сейдалиев) жүктелсін.".
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешім мен қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Әбілов |
Сессия төрайымы | Н.Самаликова |
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Мыңбай |