Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 523 қаулысы, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы № 43/308 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 06 қазанда № 11-2-174 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 5)- тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе - жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 07.07.2015 № 681 қаулысымен және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 08.07.2015 № 39/318 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы шешімге қоса берілген схемалық картаға сәйкес орналасқан Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
      1) шағынаудан – "Рауан";
      2) Бұрғышылар Аллеясы;
      3) Бітім Қыдырбаев;
      4) Ноқат Дербісов;
      5) Жайлаубай Тлеуов.
      2. "Қазақстанның 50 жылдығы" көшесі "Рахмет Өтесінов" көшесі болып атауы өзгертілсін.
      3. Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне (Б.Бәлиұлы) қаланың жаңадан ашылған көшелері мен құрамдас бөліктерінің атауларын орнатып қою тапсырылсын.
      4. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Е.Өтеев) және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасарына (С.Сейдалиев) жүктелсін.
      Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 05.07.2016 № 349 қаулысымен және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 07.07.2016 № 4/34 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С.Мамаев
      Қала әкімі О.Сарбөпеев
      Қалалық мәслихат хатшысы С.Машқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады