Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №63 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғын адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2428 нөмірімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2014 жылғы 30 мамыр, ресми жарияланым дереккөзі "Рауан" газеті);
2) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №64 "Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2429 нөмерімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2014 жылғы 30 мамыр, ресми жарияланым дереккөзі "Рауан" газеті).
2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыны орындау "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Өмірбековке жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | К.Машырықов |