Бейнеу ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 293 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 3265 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №63 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғын адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2428 нөмірімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2014 жылғы 30 мамыр, ресми жарияланым дереккөзі "Рауан" газеті);
      2) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №64 "Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2429 нөмерімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2014 жылғы 30 мамыр, ресми жарияланым дереккөзі "Рауан" газеті).
      2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулыны орындау "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Өмірбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К.Машырықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады