Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 20.11.2019 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына квота белгіленсін:
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмысорындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде.
2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыны орындау "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Өмірбековке жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | К.Машырыков |