Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 3268 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 20.11.2019 № 298 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауданының жұмыс берушілеріне ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулыны орындау "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Өмірбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К.Машырыков

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Бейнеуского района Мангистауской области от 30 декабря 2016 года № 292. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 27 января 2017 года № 3268. Утратило силу постановлением акимата Бейнеуского района от 20 ноября 2019 года № 298

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бейнеуского района Мангистауской области от 20.11.2019 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат Бейнеуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Работодателям Бейнеуского района установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда.

      2. Государственному учреждению "Бейнеуский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (Б.Омирбеков) обеспечить официальное опубликование настоящего постановления в информационно – правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации, размещение на интернет – ресурсе акимата района.

      3. Исполнение настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Бейнеуский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" Б.Омирбекова.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района К.Абилшееву.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима района К.Машырыков