Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 298 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 4048 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 19.07.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 22.09.2020 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 292 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3268 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Назарханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 22.09.2020 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Абилов

  Бейнеу ауданының әкімдігінің
  2019 жылғы 20 қарашадағы
  № 298 қаулысына
  қосымша

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 22.09.2020 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жұмыс берушінің атауы

Ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны

Жұмыс орындарының квотасы (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

2

3

4

5

1

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)

835

4

33

2

Бейнеу ауданының әкімдігінің "Акиматсервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

2

1

3

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

246

3

7

4

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

266

4

10

5

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

219

3

6

6

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

232

3

7

7

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Боранқұл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

163

3

5

8

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ақжігіт орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

2

2

Барлығы



71


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады