Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Х.Байбосинова):
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерін қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Бекқайыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Дауылбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Қарақия ауданы әкімдігінің
"Қарақия аудандық білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Байбосинова Клара Хисаровна
"18 " наурыз 2016 жыл.
Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "18" наурыз № 67 қаулысымен бекітілген |
Қарақия ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының топтары | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққандағы бір айдағы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы төлем ақы мөлшері (тенге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | ||||||||||||
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Дербес толық күн болатын шағын орталық | Дербес жарты күн болатын шағын орталық | Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Дербес толық күн болатын шағын орталық | Дербес жарты күн болатын шағын орталық | Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Дербес толық күн болатын шағын орталық | Дербес жарты күн болатын шағын орталық | ||
1 | 1-ден 3-ке дейінгі топтар | 320 | 103 | | | | 36864 | 36648 | | | | 10593 | 10593 | | | |
2 | 4-тен 5-ке дейінгі топтар | 90 | | | | | 36827 | | | | | 10593 | | | | |
3 | 10 және одан да көп топтар | 620 | | | | | 31307 | | | | | 10593 | | | | |