Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 272 "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 наурызында "Қарақия" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Байбузов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Түркменбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ә. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
Ә.Көшербаев
27 маусым 2016 жыл
Қарақия ауданының әкімдігінің | |
2016 жылғы 27 маусымдағы № 194 | |
қаулысымен бекітілген |
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы шақырыммен (ш/м) |
1 | КR-KG-1 | "Қызылсай ауылы-Сенек ауылы" | 27 ш/м |
2 | КR- KG-2 | "Жаңаөзен қаласы-Құланды ауылы" | 11 ш/м |
3 | КR- KG-3 | "Ракушечное" кенорнына кіреберіс | 18 ш/м |
4 | KR- KG-4 | Ералиев станциясына кіреберіс | 12 ш/м |
5 | КR- KG-5 | Жоғарғы Мұнайшы ауылына кіреберіс | 3 ш/м |
6 | КR- KG-6 | Жетыбай станциясына кіреберіс | 2 ш/м |
7 | КR- KG-7 | Ботагөз ауылына кіреберіс | 3 ш/м |
8 | КR- KG-8 | Құрық ауылынан өтетін жол | 1 ш/м |
9 | КR- KG-9 | Ералиев станциясынан өтетін жол | 3 ш/м |
10 | КR- KG-10 | Құрық аэропорты арқылы өтетін жол | 2 ш/м |
11 | КR- KG-11 | "Аққұдық ауылы-Сенек ауылы" | 87 ш/м |
12 | КR- KG-12 | "Құрық ауылы-Қызылқұм жері" | 21 ш/м |
Барлығы | 190 ш/м |