Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 1999 жылғы 23 ақпандағы № 570 "Аудан емдеу орындарын қайта құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 41 болып тіркелген, 1999 жылғы 31 наурыздағы "Жаңа өмір" газетінде жарияланған );
2) 2000 жылғы 20 шілдедегі №273 "Жарма, Сазды, Қияқты, Тұщыбек, Басқұдық, Өреулі елді мекендерінен медициналық пунктер ашу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №253 болып тіркелген, 2000 жылғы 23 тамыздағы "Жаңа өмір" газетінде жарияланған).
2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Аққұлов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |