Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2003 жылғы 22 қыркүйектегі №76 "Маңғыстау ауданының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1523 болып тіркелген, 2003 жылғы 29 қазандағы "Жаңа өмір" газетінде жарияланған);
2) 2004 жылғы 23 қарашадағы №101 "№1523 болып тіркелген Маңғыстау ауданы әкімінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі "Маңғыстау ауданының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы" №76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1795 болып тіркелген, 2004 жылғы 29 желтоқсандағы "Жаңа өмір" газетінде жарияланған).
2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Аққұлов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |