Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 1 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 ақпанда № 2976 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2696 болып тіркелген, "Ақкетік арайы" газетінде 2015 жылы 12 қарашада жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы төмендегі мәтінде 4-1 тарауымен толықтырылсын:

      "4.1 "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі"

      1.Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      2.Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Таушық селосының спорткешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3."Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      4."Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны".

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушы (Н. Ибрагимова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Асауов

  2016 жылғы "14" қаңтардағы №1
Түпқараған ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж ЕС І 1. Жалпы ереже

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) –мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлімнің атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Орыс тілде: Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта".

      4. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, жеке баланста мүлкі бар заңды тұлға болып табылады.

      5. Түпқараған ауданының әкімдігі мемлекет атынан Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      6. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің штаттық саны лимитін Түпқараған ауданының әкімдігі бекітеді.

      7. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт – Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, № 2.

      8. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары

      Түпқараған ауданының "Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.

      Міндеттері:

      Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

      Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың қызметін үйлестіру;

      Мәдениет, дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын жасау және нығайту, олардың инфрақұрылымдарын дамыту;

      Халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерін дамыту;

      Мәдениет, дене шынықтыру және спортты насихаттау.

      Функциялары:

      Мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      Ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      Жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      Өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық бағдарламалар мен жоспарларын дайындайды және жүзеге асырады;

      Спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде жарыстар өткізеді;

      Спорттың түрлері бойынша ауданның құрама командаларын дайындауды және олардың облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      Аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытады;

      Аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді және бақылау жасайды;

      Аудан аумағындағы спорттық шаралардың өткізілуін және ұйымдастыру қызметін үйлестіреді;

      Аудан бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мәліметтерді талдайды және атқарушы органға табыс етеді;

      Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт жанындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттауды жүзеге асырады;

      Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық 15 – 20 күндік даярлық спорттық курстарын ұйымдастырады және өткізеді;

      Спортшылар мен жаттықтырушыларға, судьяларға заңнамаға сәйкес, разрядтар мен категориялар береді;

      Спорт шеберіне кандидаттыққа, спорт шеберіне, халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне және заңнамамен белгіленген тәртіпте бірінші, екінші және үшінші спорттық разрядтардың берілуіне құжаттарды дайындау;

      Ережелік мақсаттарды жүзеге асыру үшін "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары:

      Заңдарда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға, кассалық операциялар жүргізуге;

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде мекеменің толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (символы) болады;

      Өзінің мүлкіне иелік етеді, сондай - ақ өзінің балансы немесе сметасы болады;

      Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденуге және жүзеге асыруға;

      Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралдарды пайдалануға;

      Сотта талап қоюға және талапкер болуға;

      Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;

      Белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға;

      Дене шынықтыру және спортты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға;

      Өзінің біртұтас жүйесіне енетін аудандық, қалалық, селолық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын (бұдан әрі – кәсіпорын) балалар - жасөспірімдер спорт мектебі, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, олимпиадаға даярлау мектебі, клубтарды және барлық спорттық ұйымдарды басқару.

      "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпорындарды және спорттық клубтарды бақылау мақсатында:

      Кәсіпорындардың және клубтардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      Кәсіпорындардың, клубтардың даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

      Кәсіпорындар, клубтардың мүліктерінің сақталуына және даму жоспарларының орындалысына талдауды және бақылауды жүргізеді;

      Кәсіпорындарды, клубтарды басқаруды жүзеге асырады;

      Басшыны тағайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аттестаттаудан өткізеді;

      Кәсіпорындардың, клубтардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      Кәсіпорындардың, клубтардың таза табысының бір бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

      Жыл сайын кәсіпорындардың, клубтардың еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

      Кәсіпорындар, клубтар басшыларының, оның лауазымдық жалақысының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілгендей оның құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешеді және тексеру жұмыстарын жүргізеді.

3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз міндеттері бойынша жауаптылығы азаматтық заңдармен реттеледі.

      3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңды тұлғаны құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

      4. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалатын азаматтық құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуі тиіс.

4."Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, есебі мен есептілігі

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында негізгі және айналымдағы қаражатынан тұратын, мемлекеттік мекеменің балансын қамтитын оқшауланған мүлкі болады.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнама актісінде өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес. Оған заңнамада көрсетілгендей шекте мүлікті басқару құқығы берілуі мүмкін.

      4. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілгендей бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептер жүргізеді.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.

      6. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кірістерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ бөлім мүлкінің мөлшері мен құрылымы, оның шығыстары, қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу, мекеменің қызметінде азаматтардың тегін еңбегін пайдалану туралы деректер коммерциялық құпия болып табылмайды.

4-1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі".

      Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Таушық селосының спорткешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

5. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтерін ұйымдастыру

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымына бөлім басшысы және бөлімнің өзге де қызметкерлері кіреді.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, аудан әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.

      3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы:

      1) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген қызметтердің орындалысына жауап береді;

      2) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын жасақтайды және оны әкімдіктің бекітуіне ұсынады;

      3) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттігін анықтайды;

      4) Аудан әкімі аппаратының "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша қызметтерін үйлестіреді;

      5) Заңнамада көрсетілгендей "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік шара қолданады;

      6) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы жөніндегі Ережені бекітеді;

      7) Өзінің құзыреті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

6. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении дополнения в положение государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

Постановление акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 14 января 2016 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 25 февраля 2016 года № 2976. Утратило силу постановлением акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 3 февраля 2020 года № 15

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тупкараганского района Мангистауской области от 03.02.2020 № 15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Тупкараганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Тупкараганского района от 17 марта 2015 года № 56 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2696, опубликовано в газете "Ақкетік арайы" 12 ноября 2015 года) следующее дополнение:

      приложение указанного постановления дополнить главой 4-1 следующего содержания:

      "4.1 "Перечень организации, находящихся в ведении государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

      Государственное коммунальное казҰнное предприятие "Детско -юношеская спортивная школа" Тупкараганского районного отдела культуры, физической культуры и спорта.

      Государственное коммунальное казҰнное предприятие "Спорт комплекс

      села Таучик" Тупкараганского районного отдела культуры, физической культуры и спорта.

      Государственное учреждение "Тупкараганская районная централизованная библиотечная система".

      Государственное коммунальное казҰнное предприятие "Дом культуры".

      2. Исполняющий обязанности руководителя государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" (Н. Ибрагимова) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на

      заместителя акима района Алтынгалиеву Т.

      Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной

      регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Т. Асауов

  Утверждено Постановлением
акимата Тупкараганского района
от "14" января 2016 года № 1

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" 1. Общее положение

      1. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" (в далее - Государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим государственное руководство в сфере культуры, физической культуры и спорта.

      2. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией, Законами Республики Казахстан, нормативными правовыми актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными правовыми актами акима, акимата области и района, а также настоящим Положением.

      3. Наименование отдела:

      На государственном языке: "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      На русском языке: Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта".

      4. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" является юридическом лицом, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также самостоятельный баланс.

      5. Учредителем государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" акимата Тупкараганского района является государство в лице акимата Тупкараганского района.

      6. Лимит штатной численности работников государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" утверждается акиматом Тупкараганского района.

      7. Юридический адрес государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта": 130500, Республика Казахстан, Мангистауская область, Тупкараганский район, город Форт-Шевченко, улица Н. Оңғалбайұлы, №2.

      8. Рабочее время: понедельник – пятница с 09:00 до 18:30 часов. Обеденный перерыв - с 12:30 до 14:00 часов. Выходные дни – суббота, воскресенье.

2. Миссия, основные задачи, функции государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта":

      Миссия Государственного учреждения "Отдел культуры, физической культуры и спорта" Тупкараганского района:

      Формирование и реализация основных направлений государственной политики по вопросам развития культуры, физической культуры и спорта.

      Задачи:

      Реализация основных направлений государственной политики по развитию культуры, физической культуры и спорта;

      Координация деятельности организаций по вопросам реализации государственной политики по развитию культуры, физической культуры и спорта;

      Создание и укрепление материально-технической базы культуры, физической культуры и спорта, развитие их инфраструктуры;

      Развитие народных игр и национальных видов спорта;

      Пропаганда культуры, физической культуры и спорта.

      Функции:

      Реализует государственную политику в сфере культуры, физической культуры и спорта;

      Осуществляет проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий района, а также смотров, фестивалей и конкурсов среди любительских творческих объединений;

      Организует работы по учету, охране и использованию памятников истории, материальной и духовной культуры местного значения;

      В пределах своей компетенции осуществляет управление коммунальной собственностью в области культуры;

      Выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов культурного назначения района;

      Поддерживает и оказывает содействие в материально-техническом обеспечении государственных организаций культуры;

      Разрабатывает и реализует районные программы и планы развития физической культуры и спорта;

      Проводит соревнования по видам спорта на областном, районном, республиканском и международном уровне;

      Обеспечивает подготовку районных сборных команд по различным видам спорта и их выступления на областных, республиканских и международных спортивных соревнованиях;

      Развивает массовый спорт и национальные виды спорта на территории района;

      Координирует деятельность и осуществляет контроль районных специализированных учебно-спортивных заведений;

      Координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории района;

      Анализирует и представляет исполнительному органу сведения по развитию физической культуры и спорта;

      Совместно со средствами массовой информации осуществляют пропаганду знаний и достижений в области физической культуры и спорта, принципов здорового образа жизни;

      Организует и проводит международные, республиканские, областные, районные 15-20 дневные подготовительные спортивные курсы;

      Спортсменам и тренерам, судьям присваивает квалификационные разряды в соответствии с законодательством;

      Подготовка документов на присвоение спортивных разрядов: кандидата в мастера спорта, мастера спорта международного класса и в установленном законодательством порядке, присвоения первого, второго и третьего спортивных разрядов.

      Для осуществления уставных целей государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" имеет право:

      Открывать счета в банках в установленном законодательством порядке и проводить кассовые операции;

      Иметь печать, штампы и бланки с полным наименованием учреждения на государственном и русском языках, а также эмблему (символику), зарегистрированную в установленном порядке;

      Иметь в оперативном управлении обособленное имущество, а также самостоятельный баланс или смету;

      Приобретать и осуществлять имущественные и личные неимущественные права;

      Использовать средства на осуществление предусмотренных в положение целей;

      Быть истцом и ответчиком в суде;

      Осуществляет иные права, не противоречащие законодательству Республики Казахстан;

      Соблюдать законодательство Республики Казахстан;

      В установленном порядке уплачивать налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      Нести ответственность в соответствии законодательными актами Республики Казахстан;

      Создание необходимых условий для физической культуры и развития спорта;

      Руководить единой системой районными, городскими, сельскими государственными казначейскими предприятиями (далее – предприятие) детско–юношеской спортивной школой, школой высшего спортивного мастерства, олимпийской школой подготовки, клубами и всеми спортивными организациями.

      В целях контроля за предприятиями и спортивными клубами государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта":

      Определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета предприятий и клубов;

      Рассматривает, согласовывает и утверждает план развития предприятий, клубов и отчеты по их согласованию;

      Осуществляет анализ и контроль за сохранностью имущества предприятий, клубов и выполнением плана развития предприятий, клубов;

      Осуществляет управление предприятиями, клубами;

      Назначает руководителя и проводит аттестацию в порядке, определяемым Правительством Республики Казахстан;

      Утверждает годовую финансовую отчетность предприятий и клубов;

      Осуществляет контроль своевременного и полного перевода в бюджет одной части от чистого дохода предприятий, клубов;

      Устанавливает ежегодно размер фонда оплаты труда предприятий, клубов;

      Устанавливает размеры должностного оклада руководителей предприятий, клубов, систему их премирования и иного вознаграждения;

      Решает иные вопросы и проводит проверку предусмотренные к его компетенции в соответствий с законодательством Республики Казахстан.

3. Права государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

      1. Имущество государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" закрепляется за ним на праве оперативного управления.

      2. Ответственность государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" по своим обязательствам регулируется гражданским законодательством.

      3. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" может создавать, а также выступать учредителем (участником) юридического лица.

      4. Гражданско-правовые сделки, заключаемые государственным учреждением "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта", подлежат регистрации в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

4. Имущество, учет и отчетность государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

      Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" имеет на праве оперативного управления обособленное имущество, которое состоит из основных и оборотных средств, стоимость которого отражается в балансе государственного учреждения.

      1. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" относится к коммунальному имуществу.

      2. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленными за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательным актом. Ему может быть представлено право распоряжаться имуществом в случаях и пределах установленных законодательством.

      3. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" ведет бухгалтерскую и статическую отчетность в порядке предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

      4. Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" представляет информацию о своей деятельности органам государственной статистики и налоговым органам, учредителю и иным лицам в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Размеры и структура доходов государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта", а также сведения о размерах и составе имущества государственного учреждения, о ее расходах, численности и составе работников, об оплате их труда, об использовании безвозмездного труда граждан в деятельности отдела не могут быть коммерческой тайной.

4-1. Перечень организации, находящихся в ведении государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

      1. Государственное коммунальное казҰнное предприятие "Детско – юношеская спортивная школа" Тупкараганского районного отдела культуры, физической культуры и спорта.

      2. Государственное коммунальное казҰнное предприятие "Спорт комплекс села Таучик" Тупкараганского районного отдела культуры, физической культуры и спорта.

      3.       Государственное учреждение "Тупкараганская районная централизованная библиотечная система".

      4. Государственное коммунальное казҰнное предприятие "Дом культуры".

5. Организация деятельности государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

      1. В структуру государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" входят руководитель отдела и иные сотрудники отдела.

      2. Руководитель государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначается на должность и освобождается от должности акимом района.

      3. Руководитель государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта":

      1) Руководить деятельностью государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" и несет ответственность за выполнение задач возложенных на отдел;

      2) Разрабатывает структуры государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" и представляет ее на утверждение акимата;

      3) Определяет обязанности и полномочия государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" и сотрудников государственного учреждения;

      4) В пределах своих полномочий координирует деятельность аппарата акима района по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта";

      5) В установленном законодательством порядке осуществляет поощрение сотрудников государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" и налагает на них дисциплинарные взыскания;

      6) Утверждает Положение о структурных подразделениях государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта";

      7) В пределах своей компетенции издает приказы, дает указания,

      подписывает служебную документацию;

      8) Осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством

      Республики Казахстан.

6. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

      Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта" акимата Тупкараганского района осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.