"Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Түпқараған аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 56 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 2696 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және 2015 жылғы 26 қаңтардағы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы № 11 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (К. Жумабаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Т. Асауов


  2015 жылғы 17 наурыздағы № 56
Түпқараған аудан әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж ЕС І
1. Жалпы ереже

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) –мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлімнің атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Орыс тілде: Государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел культуры, физической культуры и спорта".

      4. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, жеке баланста мүлкі бар заңды тұлға болып табылады.

      5. Түпқараған ауданының әкімдігі мемлекет атынан Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      6. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің штаттық саны лимитін Түпқараған ауданының әкімдігі бекітеді.

      7. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт – Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, № 2.

      8. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары

      Түпқараған ауданының "Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекет саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.

      Міндеттері:

      - Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

      - Мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың қызметін үйлестіру;

      - Мәдениет, дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын жасау және нығайту, олардың инфрақұрылымдарын дамыту;

      - Халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерін дамыту;

      - Мәдениет, дене шынықтыру және спортты насихаттау.

      Функциялары:

      - Мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      - Ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      - Жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      - Өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      - Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      - Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      - Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық бағдарламалар мен жоспарларын дайындайды және жүзеге асырады;

      - Спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде жарыстар өткізеді;

      - Спорттың түрлері бойынша ауданның құрама командаларын дайындауды және олардың облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      - Аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытады;

      - Аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді және бақылау жасайды;

      - Аудан аумағындағы спорттық шаралардың өткізілуін және ұйымдастыру қызметін үйлестіреді;

      - Аудан бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мәліметтерді талдайды және атқарушы органға табыс етеді;

      - Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт жанындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттауды жүзеге асырады;

      - Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық 15 – 20 күндік даярлық спорттық курстарын ұйымдастырады және өткізеді;

      - Спортшылар мен жаттықтырушыларға, судьяларға заңнамаға сәйкес, разрядтар мен категориялар береді;

      - Спорт шеберіне кандидаттыққа, спорт шеберіне, халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне және заңнамамен белгіленген тәртіпте бірінші, екінші және үшінші спорттық разрядтардың берілуіне құжаттарды дайындау;

      Ережелік мақсаттарды жүзеге асыру үшін "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары:

      - Заңдарда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға, кассалық операциялар жүргізуге;

      - Мемлекеттік және орыс тілдерінде мекеменің толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (символы) болады;

      - Өзінің мүлкіне иелік етеді, сондай - ақ өзінің балансы немесе сметасы болады;

      - Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденуге және жүзеге асыруға;

      - Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралдарды пайдалануға;

      - Сотта талап қоюға және талапкер болуға;

      - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      - Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;

      - Белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға;

      - Дене шынықтыру және спортты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға;

      - Өзінің біртұтас жүйесіне енетін аудандық, қалалық, селолық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын (бұдан әрі – кәсіпорын) балалар - жасөспірімдер спорт мектебі, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, олимпиадаға даярлау мектебі, клубтарды және барлық спорттық ұйымдарды басқару.

      "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпорындарды және спорттық клубтарды бақылау мақсатында:

      - Кәсіпорындардың және клубтардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      - Кәсіпорындардың, клубтардың даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

      - Кәсіпорындар, клубтардың мүліктерінің сақталуына және даму жоспарларының орындалысына талдауды және бақылауды жүргізеді;

      - Кәсіпорындарды, клубтарды басқаруды жүзеге асырады;

      - Басшыны тағайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аттестаттаудан өткізеді;

      - Кәсіпорындардың, клубтардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      - Кәсіпорындардың, клубтардың таза табысының бір бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

      - Жыл сайын кәсіпорындардың, клубтардың еңбек ақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

      - Кәсіпорындар, клубтар басшыларының, оның лауазымдық жалақысының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілгендей оның құзыретіне жататын өзге де мәселелерді шешеді және тексеру жұмыстарын жүргізеді.

3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз міндеттері бойынша жауаптылығы азаматтық заңдармен реттеледі.

      3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңды тұлғаны құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

      4. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалатын азаматтық құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуі тиіс.

4. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, есебі мен есептілігі

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында негізгі және айналымдағы қаражатынан тұратын, мемлекеттік мекеменің балансын қамтитын оқшауланған мүлкі болады.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнама актісінде өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес. Оған заңнамада көрсетілгендей шекте мүлікті басқару құқығы берілуі мүмкін.

      4. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілгендей бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептер жүргізеді.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.

      6. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кірістерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ бөлім мүлкінің мөлшері мен құрылымы, оның шығыстары, қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу, мекеменің қызметінде азаматтардың тегін еңбегін пайдалану туралы деректер коммерциялық құпия болып табылмайды.

4-1 "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі

      1.Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      2.Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Таушық селосының спорткешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3."Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      4."Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны".

      Ескерту. Қосымша 4-1 тараумен толықтырылды – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № 1(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

5. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтерін ұйымдастыру

      1. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымына бөлім басшысы және бөлімнің өзге де қызметкерлері кіреді.

      2. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, аудан әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.

      3. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы:

      1) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген қызметтердің орындалысына жауап береді;

      2) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын жасақтайды және оны әкімдіктің бекітуіне ұсынады;

      3) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттігін анықтайды;

      4) Аудан әкімі аппаратының "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша қызметтерін үйлестіреді;

      5) Заңнамада көрсетілгендей "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік шара қолданады;

      6) "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы жөніндегі Ережені бекітеді;

      7) Өзінің құзыреті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

6. "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады