РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 2 тармағына және 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түпқараған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) есірткі тәуелділігінен және маскүнемдіктен емделу және оңалту курсынан өткен тұлғалар;
2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
3) 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Т. Асауов |