Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 18 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 238 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 3224 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 18 "2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2980 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 наурызда және 2016 жылғы 25 наурыздағы № 20-21 "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ш.Беришбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулыныңорындалуын бақылау Түпқараған ауданыәкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Асауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады