Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық халактілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Дощанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Асауов |
Түпқараған аудан әкімдігінің 29 наурыз 2016 жылғы № 61 қаулысымен бекітілген |
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларжәне азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Қызылбаев көшесі № 5.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар жәнеазаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
13. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар жәнеазаматтық хал актілерін тіркеу салаларында мемлекттік саясатты жүргізу және функцияларды жүзеге асыру.
14. Негізгі міндеттері:
1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) азаматтық хал актілерін тіркеуді іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де міндеттер.
15.Функциялары:
1) жұмыссыздарды тіркеу;
2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
3) жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау;
4) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік және қайырымдылық көмектерді көрсетуді ұйымдастыру;
5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;
6) "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесін жүргізу;
7) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету;
8) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толқтырулар мен түзетулер енгізу;
9) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
10) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
11) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
12) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
13) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
14) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
15) ұл (қыз) асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
16) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
16. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қарасты мәселелер бойынша меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға алуға;
2) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздарды дайындау мен қайта дайындау, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;
3) қоғамдық акциялар мен халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламаларды өткізуді ұйымдастыруға;
4) белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұраулар жолдауға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
17. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеті:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікті болуға.
3. Мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
23. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер, заңнамада өзгеше көзделмесе "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және
қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.