Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 04.05.2021 № 100-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) сәйкес Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 09.09.2020 № 234-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Біләловке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н. Тәжібаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Мұнайлы орталық
аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
А.Шыршықбаев
"19" 10 2016 ж.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
"Маңғыстауэнерго" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
А.Үкібаев
"19" 10 2016 ж.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
"Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Б. Қазақбаев
"19" 10 2016 ж.
"Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Ақниязова
"19" 10 2016 ж.
"Мұнайлы аудандық білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Овезов
"19" 10 2016 ж.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы "19" қазандағы | |
№ 229-қ қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 09.09.2020 № 234-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) | 709 | 4 | 28 |
2 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстауэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 136 | 3 | 4 |
3 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 225 | 3 | 7 |
4 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 271 | 4 | 11 |
5 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 222 | 3 | 7 |
6 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 9 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 298 | 4 | 12 |
7 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 10 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 398 | 4 | 16 |
8 | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 12 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 359 | 4 | 14 |
9 | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 170 | 3 | 5 |