Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 16.04.2021 № 688 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 16.04.2021 № 688 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Жақыпов |
Әкімідігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 3200 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 16.04.2021 № 688 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қостанай қаласы, В. Чкалов көшесі, 4 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 53 (елу үш) теңге мөлшерінде;
2. Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 3/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 74 (жетпіс төрт) теңге мөлшерінде;
3. Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 6/2 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 59 (елу тоғыз) теңге мөлшерінде;
4. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 36 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
5. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 36 Б үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
6. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 36 Г, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
7. Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі, 4 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
8. Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі, 10 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 61 (алпыс бір) теңге мөлшерінде;
9. Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 117/2 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
10. Қостанай қаласы, Красносельская көшесі, 128 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 66 (алпыс алты) теңге мөлшерінде;
11. Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі, 351/3 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 66 (алпыс алты) теңге мөлшерінде;
12. Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі, 371/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
13. Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі, 369/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 59 (елу тоғыз) теңге мөлшерінде.